Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған өңірлер жоқ – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 20 ақпанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елімізде бірде-бір облыс «қызыл аймақта» тіркелген жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Сонымен, бүгінгі матрица бойынша атап айтсақ:

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 827 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 206 652 адамға жетті.