Жолда жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу қойылды
«Алматы-Өскемен» тасжолында жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.
19 ақпанда сағат 21:10-нан бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда көктайғақ пен қарлы боранға байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымында және «Аягөз-Қалбатау» тасжолының 971-1068 шақырымында жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы шектелді.
Осы ретте, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.