Нәтижесінде баспана кезегі алға жылжыды
Қарағанды облысында 2540 адам үй кезегінде заңсыз тұрған. Олардың барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған баспаналардан пәтер алуға дәмелі еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі«Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Прокурорлар тексерісінен соң түгелі тізімнен сызылды. Нәтижесінде баспана кезегі жылжып, нағыз мұқтаж 89 жанұя үй алды және 110 адам жалдамалы пәтерге қол жеткізді. Бұған қоса, заңсыз жолмен берілген 13 пәтер мемлекетке қайтарылған.
«13 пәтер босатылып, бүгінгі күнде оның 8-іне шын мәнісінде мұқтаж адамдар орналастырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында заңсыз тұрғын үй пәтерлерін бөлу, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жатпайтын тұлғаларды кезекке қою және де мемлекеттік сатып алу шарттарына өзгерістер енгізу және осыған ұқсас жүздеген бұзушылықтар анықталды», - деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Нұрсұлтан Қалдырбай.