2019 жылы ғимараттың шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген
Ақмола облысында боран мен екпінді жел Жарқайың ауданындағы Костычев ауылдық мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жарқайың ауданындағы Костычево ауылында қатты желдің әсерінен ауылдық мәдениет үйі ғимаратының шатыры бүлінді. Ғимарат 1976 жылы тұрғызылған, 2019 жылы шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген», - деп хабарлады ведомстводан.