Құжатқа өзгерістер мен толықтыру енгізілді
Бүгін Сенатта «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, құжатқа толықтыру енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
Сенат депутаты Бауыржан Қаниевтің айтуынша, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында (26 қаңтарда) берген мемлекеттік және жеке операторларды құруға тыйым салу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жоғарғы палата заң жобасының бірінші бабының бесінші тармақшасының 14,15,16,17,18-ші және 19-шы абзацты алып тастауды ұсынып отыр.
Конституцияның 61-бабының 5-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құжат Мәжіліске қайтарылды. Палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.