Былтыр үш тоқсанда 12 мың қазақстандық шетелге жұмыс ауыстырған

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы бір жылда елде эмиграция артқан

Фото: ашық дереккөзден

Соңғы бір жылда елде эмиграция артқан. Өткен жылдың үш тоқсанында басқа мемлекетке жұмыс іздеп кеткендер саны 12 мыңға жуықтапты. Бір қызығы шетел асқан жұмысшылардың дені 15 жылдық тәжірибесі бар мамандар. Мұндай статистиканы Ranking.kz мониторингтік агенттігі келтіріп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Шекара асып өзге мемлекетке қоныс аудару да, сырттан көшіп келу де әлемдік трендке айналған сияқты. Бірнеше қыры бар. Оқуды былай қойғанда, көшіп кететіндердің көпшілігі тіршілігін түзей алмағандар. Ал мықты  мамандар, бюрократия мен коррупциядан шаршаған. Сондай азаматтардың бірі Абай Қалимов. Жас кәсіпкер Түркияда кәсібін дөңгелетіп жүр. Қазір көптеген қазақстандық студенттердің сырт елге оқуға түсуіне көмектеседі. 

«Шетелге көшетін адамдар екі түрлі мақсат қояды. Бірі өмірін өзгерткісі келетін болса, екіншісі финанс жағдайын жақсарту үшін барады. Өзім осы екі жылда кәсіп ашып, бірнеше фильм және рекламаларға түстім. Бұл маған шетелдің берген артықшылығы деп ойлаймын, - деді кәсіпкер Абай Қадимов.

Тегтер: