Алматыда шетелдіктерге интим қызмет көрсететін караоке-бар анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеру кезінде жеңіл жүрісті 18 әйел табылды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда шетелдіктерге интим қызмет көрсететін караоке-бар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тексеру кезінде жеңіл жүрісті 18 әйел келушілердің көңілін аулаған. Олардың екеуі – Оңтүстік Кореядан және тағы біреуі – Өзбекстаннан. Караоке -бардағы жезөкешелер клиенттерге құпия сөз арқылы интим қызмет көрсеткен. Бар шәй-кофе жүйесі бойынша жұмыс істейді. Егер клиент «шәй» алғысы келсе, демек, бар қызметкерлері ақшалай сыйақы үшін олардың демалыстары біткенше қасында серіктес болады. Ал «кофе»,- деген караоке-бардан тыс жерде ақшалай сыйақы үшін интим қызметтерді көрсетуді білдіреді», - деп жазылған хабарламада.

Арнайы іс-шараның нәтижесінде Полиция департаментіне екі әкімші, интимдік қызмет көрсететін 18 әйел мен үш шетелдік азамат жеткізілді.