Өрттің шығуына отпен абайсыз әрекет ету себеп болған
Өскемен қаласында өртенген пәтерден 2 адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«15 ақпанда Менделеев көшесінде орналасқан үшқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтін тұмшалаған бөлмеден 57 жастағы ер адам мен 92 жастағы кейуананы бірден сыртқа алып шықты. Екеуі апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Медицина қызметкерлері тұрғындарды тексеріп, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқтығын айтты», - делінген хабарламада.
Өрттің шығуына – отпен абайсыз әрекет ету себеп болған.