БҚО-да республикалық маңыздағы автожолдар жағдайы көңіл көншітпейді

Автор: Azattyq Rýhy

Көктайғақ жолда жандарын шүберекке түйіп жүрген жүргізушілер жауапты мекемелерге базынасын айтады

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңыздағы автожолдар жағдайы көңіл көншітпейді, деп хабарлайды «Хабар 24»

. Себебі қысқы күтіп ұстау жұмыстары талапқа сай жүргізілмейді. Көктайғақ жолда жандарын шүберекке түйіп жүрген жүргізушілер жауапты мекемелерге базынасын айтады. Өңірдегі жол сапасы сала мамандарын да алаңдатады. 

«Қазіргі таңда біз «Самара – Шымкент»  трассасында мониторинг жүргізудеміз. Мониторинг барысында нақты жұмыстар атқарылмағанын байқауымызға болады. Жолда құм аралас тұз төселуі керек. Сол кейбір жолдарда болса, кейбір жолдарда жоқ екенін байқадық», - дейді «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшесі Саура Қатиева.

Тегтер: