ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Гвинея билігі эбола індетінің басталғанын жариялады

Ауру ошағы – елдің оңтүстік-батысы

Фото: ашық дереккөзден

Гвинеяның Денсаулық сақтау министрлігі елдің оңтүстік-батысындағы Гуэк субпрефектурасында Эбола індетінің басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Елде эбола ауруынан төрт адам қайтыс болғаннан кейін шаралар қабылданды.

«Осы жағдайды ескере отырып және Халықаралық денсаулық сақтау ережелеріне сәйкес, Гвинея Үкіметі Гуэк және Нзерекор префектурасында Эбола вирусының эпидемиясы басталғаны туралы хабарлайды», - деп жазды Гвинеяның премьер – министрі Twitter желісінде.

Билік эбола ауруына қарсы үйлестіру және техникалық комиссияның жұмысын жандандыруға, Гуэкте науқастармен жұмыс істейтін орталық ашуға, сондай-ақ ДДСҰ арқылы вакциналарды сатып алуды тездетуге кеңес берді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Гвинеядағы Эбола геморрагиялық безгегінің үш жағдайы расталғанынан хабардар. Ұйым бұл елге эбола вакцинасын алуға көмектеседі.