Наурыз мейрамын он күн тойлау тұжырымдамасы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жоба пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:

  • 14 наурыз - Көрісу күні
  • 15 наурыз - Жайлау күні
  • 16 наурыз - Шежіре күні
  • 17 наурыз - Тарихқа тағзым күні
  • 18 наурыз - Игі істер күні
  • 19 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні
  • 20 наурыз - Зияткерлік күні
  • 21 наурыз - Ұлттық тағамдар күні
  • 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні
  • 23 наурыз - Жоралғы күні

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. (...) Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», - делінген құжатта.