Оны трамвай қағып кеткен
Польшада Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Польша полициясының қазақстандық дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, 27 қарашада Катовице қаласында трамвай қағып кету салдарынан 2000 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапты. Ол Катовице Экономика университетінің студенті болған.
«Қазіргі уақытта марқұмның жақын туыстарымен байланыс орнатылды, оларға виза алуға барынша көмек көрсетілуде, оның денесін елге жіберу үшін жерлеу бюросымен келіссөздер жүргізілуде», - делінген хабарламада.