Коровирус жұқтырған 244 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

51 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 23 828 адам короновирус инфекциясынан (14 820 КВИ+ және 9 008 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың арасында 5 295 пациент стационарда, 18 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 244 адамның жағдайы ауыр;

• 51 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.