Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы және үш облыс бар
Денсаулық сақтау министрлігі 13 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
13 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.
Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.