Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алып жүруден босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Енді куәлігін ұмытып кеткендерге айыппұл салынбайды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатты алып жүруден босатылды. Бұл құжаттарды ұмытып кеткенің үшін енді айыппұл салынбайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгін, 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді.

Полиция көлік иесін ақпараттық жүйелер арқылы тексереді