Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды және жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді
Жексенбі, яғни 14 ақпан күні елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің штаттық режимде жұмыс істеуіне жексенбі, демалыс және мереке күндері тоқтаусыз (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.
«Сондай-ақ қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтау қажеттілігі туралы еске саламыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді», – делінген CTS компаниясының баспасөз қызметінің хабарламасында.