Атырау облысында мәдениет саласының қызметкерлері бас бостандығынан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар мемлекет мүлкін талан-таражға салды деп айыпталды

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Атырау облысында мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін мәдениет саласының қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Атырау қаласында «Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық  ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» КМҚК-ның  қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т. бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. 

Аталған лауазым иесі қызмет бабын пайдалана отырып, жалпы құны 70,9 млн теңге болатын музыкалық аппараттарды иемденіп, ломбардқа өткізген және өз таныстарына төмен бағаға сатқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 50,9 млн теңгені құрайтын келтірілген мүліктік залалдың 70%-ы өтелген.                                                                                                                          

Атырау қаласы №2 сотының үкімімен кәсіпорын қызметкері кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.