Қазақстанда КВИ мен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус жұқтырған 264 адамның жағдайы ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда КВИ мен пневмониядан 11 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«10 ақпандағы мәлімет бойынша, 25 991 адам короновирус инфекциясынан (16 188 КВИ+ және 9 803 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 438 пациент стационарда, 20 553 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  264 адамның жағдайы ауыр;
  •  46 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  •  45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.