ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

COVID-19 жағдайларының азайғанына қуануға әлі ерте – ДДСҰ

КВИ-дің жаңа штамдары әлем бойынша таралып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының жаңа жағдайларының саны, сондай-ақ әлемдегі құрбандар саны азайып келеді, деп ъабарлады. Алайда британдық, Оңтүстік Африка және бразилиялық/жапониялық коронавирус штамдары анықталған елдердің саны өсуде.

«Төртінші апта қатарынан бүкіл әлемде тіркелген жаңа жағдайлардың саны азайып келеді: өткен аптада 3,1 миллион жаңа жағдай болды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 17% - ға аз. 26 қазаннан бері (15 апта бұрын) ең төменгі көрсеткіш осы. Өлім-жітім саны да екінші апта қатарынан аз көрсеткішке ие: өткен аптада 88 000 жаңа өлім жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 10% - ға аз», - делінген ДДСҰ сайтында.

Сонымен қатар, әлемде бір апта ішінде (1-7 ақпан аралығында) коронавирустың 3 153 426 жаңа жағдайы және 88 369 өлім тіркелді.

ДДСҰ мәліметі бойынша, коронавирустың жаңа нұсқалары алаңдаушылық тудыруда.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сәйкес, британдық штамм 86 елде, Оңтүстік Африка штамы 44 елде, ал Бразилия/Жапон штамы 15 елде табылды.