«Құдай сақтасын!». Сағынтаев отставкаға кету туралы

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тоқаевтың соңғы шешіміне қатысты пікір білдірді

фото: Батыржан Беспаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Заңға сәйкес, енді егер қол астындағы қызметкер парамен ұсталса, мемлекеттік орган басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясын өткізген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тоқаевтың соңғы шешіміне қатысты пікір білдірді.

«Заңның аты заң. Заңды орындау керек. Сондықтан, егер де, Құдай сақтасын, менің қол астымдағы біреу істі болып, сот оның кінәсін дәлелдеп, шешім шығарса, мен заң бойынша отставкаға кетемін», - дейді Алматы қаласының әкімі.

Оқи отырыңыз: Басшыларды қол астындағылардың жемқорлығы үшін жауапқа тартатын заңға Президент қол қойды

Дегенмен, қала мэрі соңғы шешімді Президент қабылдайтынын айтты.

«Президент айтқандай, оны (оставканы - авт) қабыладау/қабылдамау Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзіретінде», - дейді ол.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан