WBC рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Барлық салмақ санатындағы боксшылардың жаңаланған рейтингін жарияланды

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санатындағы боксшылардың жаңаланған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Назарларыңызға Қазақстан өкілдерінің рейтингідегі позициясын ұсынамыз:

Бірінші ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев 37-орынға орналасты;

Екінші орта дивизионда Айдос Ербосынұлы 12-інші, Әли Ахмедов 23-орында;

Орта категорияда өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы 5-тен 6-позицияға түсіп қалды.

Мейірім Нұрсұлтанов 17-ден 15-ке көтерілді;

Бірінші орта салмақтағы Тұрсынбай Құлахмет 25-орыннан 27-ке ығысты.

Садриддин Ахмедовтің 27-позициядан бірден 17-ге көтерілді;

Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов 23-орында қалды;

Бірінші жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев бір жолға көтеріліп, 8-інші орынға жайғасты;

Екінші жартылай жеңіл салмақ дивизионындағы Сұлтан Зәуірбек екі жолға жоғарылап, рейтингіде 37-інші болды.

Тегтер: