Сонымен қатар фирмалардың бірі 200 адамға корпоративтік іс-шара өткізген
2021 жылдың 6 ақпанында Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында мониторингтік топ 80 адамның қатысуымен 70 жылдық мерейтой ұйымдастырылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Бұдан бөлек, мониторингтік топ Көкшетау қаласындағы «Алтын шаңырақ» қонақүй кешенінде үйлену тойы өткізілгендігін анықтаған.
«Бұл кешен карантиндік талаптарды елемей, жаппай іс-шаралар өткізіп тұрады. Әкімшілік жауапкершілікке 4 рет тартылды. Көкшетау қаласының санитарлық қызметі жоспардан тыс тексеру жүргізді. Той өткізу фактісі бойынша ұйымдастырушы мен жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен бірге, мониторингтік топ Көкшетау қаласындағы «Хан сарайы» мейрамханасында «Тиолайн» ЖШС фирмасы 200 адамның қатысуымен корпоративтік іс-шара өткізгендігін анықтады.