Бұған дейін анықтамасыз келген 249 жолаушының коронавирус жұқтырмағаны расталды
Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 2021 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келген.
2 073 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 603 адам, анықтамасыз 470 қазақстандық келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 323 жолаушы, анықтамамен - 935, анықтамасыз - 388;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 683 жолаушы, анықтамамен - 602; анықтамасыз - 81;
- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 32 жолаушы анықтамамен келген;
- Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 35 жолаушы, анықтамамен - 34; анықтамасыз - 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылғы 4 ақпанда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, анықтамасыз келген 249 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.