Мұндай шешім қалың тұманға байланысты қабылданды
Батыс Қазақстан облысында қалың тұманға байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
«Ауа райының нашарлауына байланысты 4 ақпан күнгі сағат 22.00-ден бастап республикалық «Орал-Атырау» (Оралдан Чапаев ауылына дейін) күре жолы барлық автокөлік түрлері үшін жабылды», - деп жазылған хабарламада.
«Қазгидромет» РМК 5 ақпан күні өңірдің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал екенін хабарлады. Осыған орай БҚО полиция департаменті аса қажеттілік туындамаса, тұрғындарға алыс жолға шықпай, сақ болу керектігін ескертеді.