Таеквондодан Олимпиадаға іріктеу турнирі тағы да кейінге шегерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Іріктеу турнирі наурыз айының соңында өтуге тиіс болған

фото: olympic.kz

Азия таеквондо одағы (WT Asia) Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының іріктеу турнирлерін кейінге шегеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Иордания астанасы Амман қаласында жоспарланған Олимпиадаға іріктеу кезеңі 2021 жылдың 14-15 мамыр күндеріне ауыстырылды. Ал паралимпиадаға іріктеу турнирі 16 мамырда өтеді. 

Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 26-27 наурызда, паралимпиадаға іріктеу кезеңі 28 наурызда өтуі тиіс еді.