$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2021, 11:11
Жаңалықтар

Каспийдің қазақстандық бөлігі 15 мильге ұзартылады

Сенат балық аулау аймағын ұлғайтуға қатысты заң қабылдады

Каспийдің қазақстандық бөлігі 15 мильге ұзартылады
Фото: ашық дереккөзден

Каспийдің қазақстандық бөлігі 15 теңіз милін құрайтын болады. Бүгін сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын талқылап, қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.   

Құжатта браконьерлермен күресудің нормалары жазылған. Сенаторлар өз ісіне адал балықшылар туралы айтты. Егер бұрын қазақстандық кемелер теңізге күндіз ғана шыға алса, енді жаңа түзетулерге сәйкес, тәуліктің кез келген уақытында балық аулауға мүмкіндік бар.

«Конвенцияның негізінде тиісті заңдарға ені 15 теңіз милін құрайтын аумақтық сулар туралы норма енгізіледі. Олардың сыртқы шегі мемлекеттік шекара мәртебесіне ие болады. Аумақтық суларға 10 мильдік балық аулау аймақтары қосылады. Онда әр мемлекет балық аулау бойынша айрықша құқықтарға ие. Қабылданған заң мемлекеттік шекараны берік қорғауға, мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Каспийде еліміздің экономикалық мүддесін жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырады. Сондай-ақ, заңның бірқатар нормалары су биологиялық ресурстарын сақтауға бағытталған. Жаңа нормалар біздің ұлттық мүддемізге сай келетіні сөзсіз», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, бүгін қабылданған заң экономикалық қызметті және Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараны қорғаудың құқықтық базасын жақсартуға мүмкіндік береді. Құжат 2018 жылы қабылданған Ұлттық заңнаманы, Тұңғыш Президент - Елбасының бастамасымен қабылданған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциямен үйлестіруге бағытталған.

«Заң жобасы біріккен серіктестік әрекеттерге қажетті құқықтық негіз қалыптастырады, соның ішінде экология және Каспийдің биоресурстарын сақтау, браконьерлікпен, сонымен қатар терроризммен күрес және Каспий теңізіндегі қақтығыстардың алдын алудағы өзара байланыста маңызы зор», - деді Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#балық #Каспий