Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды
Нұр-Сұлтанда 7 ақпанда автобус тоқтамайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жексенбі күні, 7 ақпанда қоғамдық көлік жүреді», - делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің штаттық режимде жұмыс істеуіне жексенбі, демалыс және мереке күндері тоқтаусыз (экспресс-бағдарлардан басқалары) сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.⠀
Сондай-ақ бетперде тағу режимін сақтау қажет. Қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.