Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

4 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей аумағы мен Қостанай қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, күндіз кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі мүмкін. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлері мен Қызылорда қаласында тұман түсуі ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында тұман, көктайғақ болады.

Атырау облысының кей жерлері мен Атырау қаласында тұман түсуі ықтимал.