15 қаңтарда өткен Мәжілістің жалпы отырысына бірқатар депутат қатысқан жоқ
Мәжілістің сайланған жаңа депутаттары Қазақстан халқына ант берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Төменгі палатының алғашқы отырысына белгілі себептерге байланысты қатыса алмаған бірқатар мандат иелері бүгін ант берді. Олардың қатарында Берік Әбдіғалиұлы, Анатолий Бойчин, Юрий Жулин, Вера Ким, Юлия Кучинская, Айгүл Құспан бар.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді депутаттар.
Еске сала кетейік, VII шақырылған Парламент Мәжілісінің бірінші жалпы отырысы 15 қаңтар күні өткен болатын.
Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан