Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл облыстарда жел соғып, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

3 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғып, көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 3-4 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. 3 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін. 4 ақпанда желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтималы. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан түнде күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысы мен Тараз қаласында тұман түседі. 3 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.