Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған адамның оны растайтын QR-коды болады – Алексей Цой

Автор: Azattyq Rýhy

Ол үшін отандық мобильдік қосымшаны қосу жоспарланған

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирусқа қарсы вакцина салғызған қазақстандықтардың жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-коды болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін e-govМobile отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған, ол AShYK медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелерден азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код арқылы тексеруге ұсыну үшін КВИ-ға қарсы вакцинациядан өткені туралы деректер де жинақталады», - деді министр.

Айта кетейік, елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан