Алматыда бір топ лауазымды тұлғаға қатысты сот үкімі шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Залал сомасы – 6,5 млрд теңге

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (ММРК) «Резерв» РМК филиалдарының лауазымды тұлғаларына және азық-түлік жеткізушілеріне қатысты (барлығы 22 адам) сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде ысырап ету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Залал сомасы – 6,5 млрд теңге.

1 ақпанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен 21 адамға қатысты бас бостандығынан айыру және біреуіне қатысты бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Атап айтқанда:

  • ММРК бұрынғы төрағасы Иманалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылды (үй қамауы үкім заңды күшіне енгенге дейін сақталды, үкім күшіне енгеннен кейін ол қамауға алынады);
  • ММРК Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мақашев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • «Резерв» – «Высота» РМК филиалының директоры Жақанов пен бөлім бастығы Родин, сондай-ақ «Резерв» – «Сигнал» РМК филиалының директоры Ғалиев 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

Аталған лауазымды тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

  • «Резерв» – «Высота» РМК филиалы директорының орынбасары Құсайыновқа 2 жылға бас бостандығына шектеу қойылды;
  • азық-түлік өнімдерін жеткізушілер Адамов, Дроздецкая, Тартуманов, Рашитов, А.Сабазов А., О.Сабазов, Абдукаримов, Бақаев, Ғабдуллин, Садай, Исаев, Б.Қожанов, Д.Қожанов, Қанатхан, Мұстафинов, Оспанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.