Петропавлда театр әртістері үйсіз қалуы мүмкін

2010 жылы облыс әкімі актерлерге алты пәтердің кілтін табыс еткен

Петропавлда театр әртістері үйсіз қалуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда жергілікті билік өкілдері театр әртістерін үйлерінен қуып жатыр. 2010 жылы облыс әкімі актерлерге алты пәтердің кілтін табыс еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасапв

 

13 жылдан бері сахна төрінде өнер көрсетіп жүрген Гүлнәз Гайнулина пәтерге 10 жыл бұрын ие болған. Жергілікті билік жас маманға коммуналдық тұрғын үйден бір бөлмелі пәтерді жалға ұсынып, кейін жекешелендіруге мүмкіндік беретінін уәде еткен. Театр әртісі осы уақытқа дейін ай сайын жалға алу құнын өтеп келгенін айтады. Алайда атқамінерлер баспананы қайтарып беруді талап етіп отырғанын түсінбей дал. Тіпті істі сотқа дейін жеткізіпті.

«Ақша жинамадық. Біздің оған жалақымыз да жетпейді. Біздің баспанамыз бар деп сенімді жүрдік. Бірақ 10 жыл өткеннен кейін осы үйді атымызға өткізу мәселесін қолға алайық десек, бұл арендный жилье, ол сендердің аттарына өтпейді, тіпті қуып шығамыз деген мәселелер шығып жатыр», - дейді С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі Гүлназ Габдулина.

2010 жылы облыс әкімі болған Серік Біләлов, Қазақ театрының 10 жылдығына арнап әртістерге 6 пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады. Оның екеуі мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерден берілсе, қалған төртеуі медицина қызметкерлеріне арналған баспанадан бөлінген. Соңғысы жалдық-коммуналдық болған соң, жекешелендіру бағдарламасына ілекпей қалған екен. Сондықтан өнер майталмандары әкімдіктің арбауына түсіп, сан соғып қалғандарын айтады.

«Өткен жылы бізге 72 дәрігер маман келсе, соның 30 қалада қалды. Бірақ дәрігер үйінен олардың бір 3-4 ғана баспана берілді. Себебі, баспана бос емес», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз  хатшысы Гүлнар Қалиева.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.