2 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
Сейсенбі күні еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді
2 ақпан күні Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ болып, жел күшейеді. Ал республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Боран соғып, жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз желдің күші - 15-20 м/с.
Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман, түнде – көктайғақ.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні - 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.