Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады

Мемлекет басшысы «2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстанда офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды.