Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды
31 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Қазақстанның батысында және оңтүстік-батысында фронттардың әсерінен жауын-шашын жауады, көктайғақ болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні -15-20 м/с. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысында түнде көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы күндіз 23 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында жел екпіні -15 м/с.