Нұр-Сұлтанда 23 ПТР-зертхана жұмыс істейді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл зертханалар күніне 12 мыңнан астам зерттеу жүргізеді

Фото: ашық дереккөзден

Елордада ПТР тестілеуді өткізу үшін тәулігіне 12 мыңнан астам зерттеу жүргізетін 23 зертхана жұмыс істейді. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жалпы саны 2100 адамнан тұратын кадрлық резерв қалыптастырылды. Коронавирус инфекциясы бар науқастарды диагностикалау және емдеу бойынша медициналық қызметкерлерді оқыту жүргізілді. Сүзгі-кабинеттер өз жұмысын жалғастыруда, пациенттерді қашықтан бақылау күшейтілді», - деді Т.Мұратов.

Ол сондай-ақ өкпенің жасанды желдеткіші, КТ, рентген аппараттары жеткілікті, оттегі резервуарлары мен шамдар орнатылғанын айтты.