Коронавирус жұқтырған 265 адамның жағдайы ауыр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавируспен ауырған 265 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 403 адам короновирус инфекциясынан (15 787 КВИ+ және 11 616 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 430 пациент стационарда, 20 973 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 265 адамның жағдайы ауыр; 61 пациенттің жағдайы өте ауыр; 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр» - , делінген хабарламада.