Ол 100 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді
Жетісай ауданы тұрғындарының бірі 1424 Call-орталығына хабарласып, мектеп директорының пара сұрағаны туралы хабарлаған деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Орта мектеп директоры жергілікті тұрғындардың бірін мектепке мұғалім етіп жұмысқа орналастырамын деп, одан 100 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталып отыр. Тергеу барысында ол тағылған айыпты мойындап, сотқа дейін өзін қамауға алмауын сұраған.
Сондай-ақ, директордың адвокаты тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтау туралы өтінішіне байланысты да күдікті қамауға алынбады.