ҰҚК қазақ-өзбек шекарасынан есірткі алып өтпек болған азаматты қолға түсірді

Автор: Azattyq Rýhy

Шекара қызметіндегілер салмағы 236 грамм заттың «шикі апиын» екені анықтады

фото: ҰҚК баспасөз қызметі

26 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментіндегілер «Жібек жолы» өткізу пунктінде есірткі құралдарын контрабандалық жолмен адам денесіне жасырып, Қазақстанға алып өтпек болған фактінің алдын алды.

Шекара наряды «Линда» қызметтік итін пайдалана отырып, Қазақстан азаматын ұстады. Нәтижесінде адам денесінен құрамында өсімдік тектес есірткі заты табылды.

Жүргізілген сараптамаға сәйкес, салмағы 236 грамм заттың «шикі апиын» екені анықталды.

Осы факт Қылмыстық кодекстің 286-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енді.