Жаңа қаулы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді
Алдағы дүйсенбіден бастап Алматы қаласында карантин талаптары қайтадан күшейтіледі. Адамдар көп жүретін сауда орталықтары қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бірінші ақпаннан бастап Алматыда демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарлардың жұмысы тоқтатылады. Бүгін жарыққа шыққан қаулы негізінде жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің және жабық базарлардың жұмысына күндізгі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат етіледі. Ал сенбі мен жексенбі күндері мұндай орталықтардың жұмысына тыйым салынады.
Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 28 қаңтар 2021 жылы №2 қаулысына сәйкес Алматы қаласындағы коронавирустың инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар:
Бұл қаулы 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы