«Сары» аймақта Қарағанды қаласы орналасқан
Денсаулық сақтау министрлігі 28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы кешегі, 27 қаңтардағы көрсеткішпен бірдей.
Ол бойынша Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.
«Сары» аймақта Қарағанды орналасқан.
Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Жалпы эпидемиологиялық ахуал бойынша Қазақстан «қызыл» аймақта тұр.