Коронавируспен ауырып жатқан 274 науқастың жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 қаңтардағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

28 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 348 адам коронавирус инфекциясынан (15 690 КВИ+ және 11 658 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 525 пациент стационарда, 20 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

COVID-19 шалдыққандар арасында:

  •  274 адамның жағдайы ауыр;
  •  47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  •  34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.