Шымкентте бәйшешек гүлдей бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Әдетте тау бөктерінде кездесетін өсімдік қала тұрғынының бақшасында өсіп шығыпты

Шымкентте алғашқы бәйшешек бүр жарды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Әдетте тау бөктері мен орманда кездесетін өсімдік қала тұрғыны Еленаның бақшасында өсіп шығыпты. «Қызыл кітапқа» енген өсімдік қыстың 10 градус аязына да төзімді екен.

Жайма шуақ көктемнен хабар беретін гүлді көрген Елена бәйшешекті көрісімен суретке түсіріп сіңлісіне жіберген. Ал сіңлісі әлеуметтік желілерге жариялағаны сол екен, бірден көптің назарын аударып, талқысына түскен.

Айта кетейік, синоптиктердің болжауынша Шымкентті алдағы уақытта жауын-шашынсыз ауа райы күтіп тұр. Күн райы 12-13 градусқа дейін жылынады екен. Демек, алдағы күндері бәйшешектер көптеп гүл жара бастауы мүмкін.