Соңғы 15 күнде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелмеген
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон биылғы жолдауында қазір елде коронавирус жоқтығын, індет толығымен «жойылғанын» мәлімдеді. Сондай-ақ ел басшысы халықты әлі де босаңсымауға, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға шақырды.
Рахмонның айтуынша, былтыр Тәжікстан үкіметі коронавируспен күреске 145 миллион доллардан астам қаражат бөлген. Елде шұғыл түрде 30-ға жуық жаңа аурухана пайдалануға берілген.
«Коронавирус пандемиясымен күресу үшін ауруханаларда COVID-19 жұқтырған науқастар үшін 7 мыңнан астам жаңа орын ұйымдастырылды, оларға 5 400 медицина қызметкері қызмет көрсетті», - деді ол жолдауында.