Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 100 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Соның ішінде 110 мыңнан аса науқас ауыр халде

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 100 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Worldometers ақпарат көзінің мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандар саны 100 155 227-ге жеткен. Оның ішінде, 72 102 361-і вирустан емделіп шықса, 2 146 271 адам көз жұмды.                                      

Одан бөлек, 25 904 721 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның 25,8 миллионы немесе 99,6 пайызында ауру жеңіл өтіп жатыр, ал 110 695 адам не 0,4 пайызы ауыр халде.