Ауа райы: Қазақстанның бірнеше облысында ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болып, тұман түседі 

 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бірнеше облысында және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады. 

26 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады. 

26 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман мен бұрқасын болады. Күндіз көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көкшетауда 26 қаңтарда түнде және күндіз тұман мен бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады. 26-27 қаңтарда кей жерлерде бұрқасын мен тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, батыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 26-27 қаңтарда бұрқасын болады, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. 

26-27 қаңтарда Қарағанды облысында кей жерлерде тұман болады. 

26 қаңтарда Қызылорда облысында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жел екпіні секундына 15-20 метр болады. 

Қостанай облысында бұрқасын, тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні секундына 15-20 метр болады. 

Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні секундына 15-20 метр болады. 26 қаңтарда Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 18 метрге жетеді. 

26 қаңтарда Түркістан облысында тұман мен бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20 метр. 

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман болады. Ақтөбеде түнде және күндіз де тұман болады деп болжанды. 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады. Оралда қаласында күндіз және түнде тұман болады.