$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2021, 18:23
Жаңалықтар

Halyk Bank зейнетақы жинағы бойынша өтінім қабылдауды қашан бастайтынын хабарлады

Банк қосымшасында 37 мыңнан арнайы шот ашылды

Halyk Bank зейнетақы жинағы бойынша өтінім қабылдауды қашан бастайтынын хабарлады
Коллаж: Жанар Жақсылыққызы

Біржолғы зейнетақы төлемі бойынша уәкілетті оператор болып бекітілген Halyk Bank-те зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мақсатында 37 мыңнан аса азамат арнайы шот ашты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Банк тұтынушыларына бұл қызмет түрін онлайн форматта жүзеге асыруды ұсынып отыр.

«Halyk Bank біржолғы зейнетақы төлемдеріне (БЗТ) арналған арнайы шот ашу бойынша оператор атанғалы 37 мыңнан астам арнайы шот ашылды. Арнайы шот ашу өте оңай. Яғни, банк тұтынушысы немесе тіпті тұтынушысы болмаса да, смартфонына банктің Homebank мобильді қосымшасын жүктеп алса жеткілікті. Жүктелген қосымшада онлайн түрде үйде отырып-ақ тегін тіркеліп, біржолғы зейнетақы төлемін алуға арналған арнайы шотты кез келген адам аша алады», - делінген хабарламада.

Алайда, қаржы мекемесі әзірге өтінім қабылдауды бастаған жоқ. Баспасөз қызметінің мәліметінше, БЖЗҚ атаулы бағыт бойынша келісімге қол қойғаннан кейін төлемдер алуға өтінімдер қабылданады. Ал, қаражат шотқа өтінімде көрсетілген сома мақұлданған жағдайда ғана аударылады. Салымшы шотына аударылған қаражатты 10 күн ішінде тиісті мақсатына пайдалануы тиіс («Отбасы банкте» 45 күн ішінде). 

Сонымен қатар банк БЗТ алу үшін ашылған арнайы шоттың ерекшелігін тізіп көрсетті:

  • арнайы шот БЗТ алу үшін ашылады;
  • бұл шот үшінші тұлғалардың талап етуінен қорғалған;
  • арнайы шот ашу, оны қолдану, сонымен қатар БЗТ алу мақсатында ақша аударғаны үшін банк комиссия ұстамайды;
  • осы бағдарламада көзделген мақсаттарға нысаналы пайдаланылуын растағаннан кейін операцияны қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана, сондай-ақ пайдаланылмаған төлемдерді қайтаруға байланысты операцияларды жасау көзделген;
  • БЗТ қатысы жоқ аударымдар, төлемдер, қолма-қол ақшаны алу, сондай-ақ өзге де операцияларды бұл шот арқылы жасау мүмкін емес. Атаулы шот тек БЗТ алуға және белгілі мақсатқа қолдануға арналған.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары