Өткен тәулікте коронавирустан алты адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 вирусын жұқтырған 50 пациенттің жағдайы өте ауыр

 

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан  алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2021 жылдың 24 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратқа сүйенсек, 26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 291 адамның жағдайы ауыр;
• 50 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.