Бұл 23 қаңтар күнгі сағат 17.00-дегі дерек
Бүгін сағат 9:00-ден бастап арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 11 мыңнан астам адам өтініш берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еnpf-otbasy.kz арнайы сайты арқылы сағат 17:00-ге қарай 10 779 өтінім қабылданған.
Айта кету керек, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 67 мыңнан астам арнайы шот ашылды.